ӨҢІР ТУРИЗМІН БІРГЕ ДАМЫТАЙЫҚ!

Туризмді дамыту – бұл экономиканы өсіру, халықтың табысын арттыру және елдің мәдениетін танытудың маңызды қадамдарының бірі.
Отандық туризмді дамыту жайлы Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа арнаған жолдауында үнемі айтып, үкіметке тиісті тапсырма берген болатын.
Қазіргі таңда, туризмді дамыту үшін елімізде өтетін ауқымды шараларды толығымен пайдалану – басты құралға айналды.
Шараларды өткізу үшін замануи демалыс орындарының маңызы зор.
Сондай орындардың бірі – «Первомайские пруды» демалыс орны. Бұл Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан заманауи белсенді демалыс және туризм орталығы.
Аумағы 72 гектарды құрайтын өзен-көл жағасында орналасқан демалыс орнында жабдықталған жағажайлар, аквапарктер, қонуға арналған экоүйлер, вейкбординг және мейрамханалар жұмыс істейді.
Демалыс орнының тағы бір ерекшелігі Халықаралық, республикалық ірі музыкалық шаралар мен фестивальдерді өткізуге өте қолайлы және ол үшін арнайы алаң қарастырылған.
2026 жылдың 25 шілдесі күні «Первомайские пруды» демалыс аймағында «Toila Music Festival 2026» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл фестиваль аталған демалыс орнында жыл сайын өткізіліп келеді.
Фестиваль барысында Ұлыбритания, Канада, Ресей мемлекеттерінің және еліміздің өнер жұлдыздары мен танымал музыканттары өнер көрсетеді.
Атап айтқанда, қазақстандық орындаушылардан «Dude on the guitar», «meow! Dammit», «dj Akee», Ұлыбританиялық «Hurts» тобы, Канадалық «Class», Ресейлік «Ангел» топтары ән шырқап, тыңдармандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Бұл фестиваль – Қазақстандағы ең ірі музыкалық феситвальдің бірі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тапсырған отандық туризмді дамыту бағдарламасын іске асырудың жарқын көрінісі.
Аталған шараға елімізден және алыс-жақын шетелдерден жалпы саны 10 мыңға жуық турист келеді деп жоспарлануда.
Бұл дегеніміз – Алматы облысы мен Іле ауданының туризмін, яғни өңір туризмінің одан әрі дамытудың таптырмас құралы болып табылады. Осындай шаралар арқылы біз өңіріміздің туризм брендін қалыптастырамыз.
Қаншама жергілікті тұрғын фестиваль барысында жұмыспен қамтылады, экономикалық тұрғыда жергілікті бюджетке көп көрім табыс әкеледі.
Ағымдағы жылдың 21-23 тамыз күндері аталған демалыс орнында «Park Live» музыкалық фестивалі өтеді. Фестивальға шетелдік және отандық «Gorillaz», «Jack White», «The Offsprring», «Cee lo Green», «Bloodywood», «The Kills», «Glassjaw», «De La Soul», «Deqine, Shiza», «Pigz», «Тося Чайкина», «Порез на Собаке» музыкалық топтары мен әншілер қатысады.
Ал 2026 жылдың 12 қыркүйек күні тыңдармандардың көңілін дәл осы алаңда шетелдік және отандық диджейлер көтереді. Басты хедлайнер әлемдік деңгейдегі танымал диджей Бориса Брейха.
Жоғарыда аталған фестивальдерге кіру үшін билеттерді Тикетон секілді арнайы билет сататын сайттардан алуға болады.
Барша көрермендер мен тыңдармандарды, жерлестерді, отандастарды жоғарыда аталған музыкалық фестивальдерді тамашалап, туризмді қолдауға шақырамыз.
Бақытжан РАҚЫМЖАН,
Іле аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы



