Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері Облыстық балалар клиникалық ауруханасының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шараға медицина қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында штаб өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға, әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған бастамаларға тоқталды.

Сондай-ақ қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button