Аудан жаңалықтары

Іле аудандық кітапханасында мәдениет және әлеуметтік даму мәселелері талқыланды

Іле аудандық кітапханасында мекеме қызметкерлері мен оқырмандардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Басқосу барысында өңірдің әлеуметтік дамуы, мәдениет саласын қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау саласының қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар мәдениет саласын дамыту, кітапханалардың қоғамдағы рөлін күшейту және тұрғындардың рухани-мәдени өміріне қатысты бірқатар мәселелер қозғалды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, әлеуметтік сала, мәдениет және қоғамдық өмірге қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар өңірдің дамуына қатысты өз көзқарастарын білдіріп, өзекті мәселелердің шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында көтерілген ұсыныстар мен айтылған пікірлердің назарға алынатыны айтылып, тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату мен ашық диалог алаңдарын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button