Аудан жаңалықтары

Іле аудандық ауруханасында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Өтеген батыр ауылындағы Іле аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға аурухананың 70-ке жуық қызметкері қатысып, денсаулық сақтау саласын дамыту мен өңірдің әлеуметтік мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында қатысушыларға денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік саланы дамыту, жұмыспен қамтуды қолдау және өңірдің орнықты дамуына бағытталған бастамалар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ медициналық инфрақұрылымды жетілдіру, алғашқы медициналық көмектің тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелер қозғалды.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар саладағы өзекті түйткілдерді талқылап, оларды шешу жолдары жөнінде ой бөлісті.

Кездесу қорытындысында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстардың маңыздылығы атап өтіліп, мұндай ашық пікір алмасу алаңдарының тұрғындар мен еңбек ұжымдарының өзекті мәселелерін талқылауға және тиімді кері байланысты қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button