Аудан жаңалықтары

Боралдай кентіндегі мектепте ауылдағы білім беру мәселелері талқыланды

Боралдай кентіндегі №23 орта мектепте білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Басқосу барысында ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру, педагог кадрларды қолдау және оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы бастамалар талқыланды.

Кездесу барысында ауылдық жерлерге білікті мұғалімдерді тарту, шалғай елді мекендердегі білім беру ұйымдарын әдістемелік тұрғыдан қолдау және мектептердің әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ шағын жинақты мектептерге жүйелі әдістемелік көмек көрсетудің маңыздылығы айтылды.

Жиында ауыл оқушыларының шет тілдерін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейту, әсіресе ағылшын тілін оқытуға бағытталған жаңа тәсілдер сөз болды. Бұл бағытта еріктілерді, онлайн тәлімгерлерді, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен халықаралық серіктестерді тарту мүмкіндіктері қарастырылатыны атап өтілді.

Сонымен қатар математика мен физика пәндерін оқыту сапасын арттыру, оқушылардың инженерлік және техникалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын ерте кезеңнен қалыптастыру мәселелері де көтерілді.

Кездесу соңында мектеп ұжымы ауылдық білім беру жүйесін дамытуға қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты. Басқосу барысында ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру және оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігін кеңейту бағытындағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button