Құрылтай – ел болашағына бастар маңызды қадам

Қоғамның дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі – Ұлттық құрылтай. Бұл – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, халықтың ұсынысы мен пікірі ескерілетін, мемлекет пен қоғамды жақындастыратын тиімді диалог алаңы. Мен журналист ретінде қоғамдағы маңызды оқиғаларды халыққа шынайы әрі дер кезінде жеткізуді басты міндетім деп білемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құрылтай – елді ұйыстыратын, ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды институт» екенін атап өткен болатын. Бұл бастама қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, елдің болашағына қатысты нақты шешімдердің қабылдануына ықпал етеді.
Қазақ халқы үшін кеңесу мен ақылдасу ежелден келе жатқан асыл дәстүр. Бүгінгі Ұлттық құрылтай – сол тағылымды дәстүрдің заманауи жалғасы. Мұнда айтылған әрбір ұсыныс пен көтерілген әрбір мәселе елдің ертеңіне қызмет етуі тиіс.
Құрылтай – бірлік пен жауапкершіліктің, татулық пен жаңғырудың символы. Сондықтан оның жұмысына бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ету – әрбір азаматтың парызы деп санаймын.
Чойбасов Бағдат, Іле аудандық “Ile tany” газетінің журналисі



