Спорт саласының өкілдерімен бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды

Өтеген батыр ауылындағы Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Әділет» партиясы өкілдерінің спорт саласының мамандарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау, спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және жаттықтырушылардың еңбек жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорттық іс-шаралардың қолжетімділігін арттыру, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау және жас спортшыларды қолдау бағытындағы ұсыныстар сөз болды.
Жиын барысында спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, ауылдық және қалалық жерлердегі спорт нысандарын дамыту, балаларға арналған спорт секцияларының қолжетімділігін кеңейту және спорт инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері де көтерілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Спорт саласының өкілдері өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын айтып, бұқаралық спортты дамыту мен жастардың спортқа қызығушылығын арттыру бағытында ой бөлісті. Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, мұндай кездесулердің сала мамандарымен ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.



