«Әділет» партиясы өкілдері мектеп ұжымымен қауіпсіз білім беру ортасы мәселелерін талқылады

Өтеген батыр ауылындағы №24 мектеп-лицейінде «Әділет» партиясы өкілдерінің педагогикалық ұжыммен кездесуі өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Қазбек Дауталиев, партияның Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысты.
Кездесу барысында оқушылардың қауіпсіздігі, дұрыс тамақтануы, дене белсенділігін дамыту және мектепке қатынау кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Жиында мектептерде салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын сақтау, спорттық белсенділікті арттыру және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз ортаға қатысты ұсыныстар сөз болды. Сонымен қатар мектеп инфрақұрылымын жетілдіру, қоғамдық кеңістіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бастамалар қарастырылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Педагогтер балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді. Жиын соңында білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне қатысты пікір алмасу жүргізілді.



