Аудан жаңалықтары

Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды

Алатау қаласында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының мүшелері «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында құрылыс индустриясындағы еңбек жағдайы, өндірістің тұрақты жұмысы, еңбек қауіпсіздігі және кәсіби мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

«Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС құрылыс саласына қажетті гипсокартон парақтарын, құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс негізіндегі өзге де материалдарды өндіреді. Кәсіпорын Алатау қаласының Заречный шағын ауданында орналасқан.

Кездесу барысында өндірістегі жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, техникалық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибелі жұмысшыларды өндірісте тұрақтандыру мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері құрылыс материалдарының сапасына қойылатын талаптар, заманауи өндіріс технологияларын меңгерудің маңызы және жұмысшы мамандықтарының бүгінгі өндірістегі рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар құрылыс индустриясындағы еңбек қатынастары, өндірістегі өзекті мәселелер және оларды жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу еңбек ұжымының тәжірибесімен танысып, өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button