«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ №28 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында «Әділет» партиясының облыстық және аудандық филиалдарының өкілдері мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Басқосу барысында білім беру, жастарды қолдау және қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесуге облыстық және аудандық штаб мүшелері Мақсат Сейдалиев, Тілеукен Көпбаева, Нұрлан Түймелиев, Рүстем Бақтыбаев, Нұрлан Шорманов, Гүлжан Байқан, Айдар Абдрахманов және Рауан Бұғыбаев қатысты.
Жиын барысында қатысушылар жастар саясаты, кадрлық әлеуетті дамыту, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және заманауи технологияларды білім беру жүйесіне енгізу мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметте кәсіби білікті жастардың әлеуетін пайдалану, әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру, жастар арасында заңға құрмет пен адал еңбек құндылықтарын қалыптастыру бағытындағы ұсыныстар сөз болды.
Білім беру саласындағы цифрлық трансформация мәселесіне де назар аударылып, жасанды интеллект технологияларын меңгерудің маңыздылығы, оқушылар мен студенттердің цифрлық дағдыларын дамыту және осы бағыттағы білім беру бастамалары талқыланды.
Кездесу соңында мектеп ұжымы өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар мұндай кездесулер білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.



