«АБДИ ИБРАХИМ ГЛОБАЛ ФАРМ» ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ҰЖЫМЫМЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері «АБДИ ИБРАХИМ ГЛОБАЛ ФАРМ» фармацевтикалық компаниясының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері мен медициналық қызметтің сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар талқыланды.
Жиын барысында медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы, кәсіби мәртебесін нығайту, қала мен ауыл медицинасы арасындағы қызмет сапасының айырмашылығын азайту, кардиологиялық көмекті жетілдіру, диагностикалық және оңалту қызметтерін дамыту, медициналық ұйымдарды жаңғырту, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар аурулардың алдын алу, халықтың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және профилактикалық медицинаның маңызын арттыру бағытындағы бастамалар талқыланды.
Кездесу соңында компания қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күнделікті жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелерді ортаға салды. Тараптар саладағы өзекті бағыттар бойынша пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады.



