Аудан жаңалықтары

АҚШИ АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақши ауылдық округінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Қазбек Дауталиев пен Мадияр Амиргалиев, «Әділет» партиясының аудандық филиалының өкілдері және штаб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік және жол инфрақұрылымын жетілдіру, ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жастарды жұмыспен қамту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі, ауылдық округтердің инфрақұрылымын жаңғырту, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, бұқаралық спортты қолдау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жастарға қолайлы орта қалыптастыру бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу аясында Ақши ауылының тұрғындары ауылішілік жолдардың жай-күйі, ауыз су жүйесін жетілдіру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жастарды қолдау мәселелері жөнінде өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, өзара ашық диалог жүргізді.

Осындай кездесулер жергілікті тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button