Аудан жаңалықтары

ІЛЕ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері ауданның адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында штаб мүшелері тұрғындармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық-түсіндірме материалдары таратылды.

Кездесу барысында тұрғындармен ашық пікір алмасуға мүмкіндік жасалып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Осындай ақпараттық кездесулер халықпен кері байланысты нығайтуға және қоғамдық мәселелер жөнінде кеңінен ақпараттандыруға бағытталды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button