Аудан жаңалықтары

АҚСАЙ АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау аясында «Әділет» партиясының облыстық және Іле аудандық штабының мүшелері Ақсай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, ауыз су жүйесін жаңғырту, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және жастарды қолдау мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылар ауылдық округтердегі инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандардың сапасын арттыру, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру бағытында ой бөлісті.

Сонымен қатар жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту, қоғамдық демалыс орындарын көбейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Ақсай ауылдық округінің тұрғындары ауылішілік жолдардың жағдайы, ауыз су жүйесін жетілдіру, спорт және демалыс нысандарын дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар талқыланып, ауылдық округтің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты пікірлер назарға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button