Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ «ҚАСКЕЛЕҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданының Ақсай ауылдық округінде орналасқан «Қаскелең орман шаруашылығы» мекемесінде «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ұлттық экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, еңбек қатынастары, жастар саясаты, цифрландыру және өңірлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері сөз болды.

Жиынға қатысушылар аталған бағыттар бойынша пікір алмасып, еңбек ұжымының өкілдері өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу барысында көтерілген сұрақтар талқыланып, қатысушылар арасында ашық диалог өрбіді.

Іс-шара өзара пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымын қызықтырған әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button