Аудан жаңалықтары

ІЛЕ АУДАНЫНДА «АЛАТАУ-ҚҰС» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Іле ауданындағы «Алатау-құс» АҚ кәсіпорнында «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында құс шаруашылығы саласының қазіргі ахуалы, өндіріс орындарының жұмысын жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, отандық өндірістің дамуы, кәсіпкерлікті қолдау және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылар өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, жоғары өнімді жұмыс орындарын құру және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында пікір алмасты.

Сонымен қатар еңбек ұжымы өндірістік қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өндіріс саласын дамыту мен еңбек жағдайын жетілдіруге қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button