АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының өкілдері Қосөзен ауылындағы №14 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Жүздесу барысында ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру, білікті педагогтерді тарту, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау және білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесу кезінде ауыл мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, ағылшын тілі мен жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуды дамыту, сондай-ақ оқушылардың инженерлік және техникалық бағыттарға қызығушылығын қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Сонымен қатар ауылдық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи оқыту әдістерін енгізу және педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау бағытындағы ұсыныстар қарастырылды.
Жиын барысында мұғалімдер ауыл мектептеріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, білім беру сапасын арттыруға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.



