«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық штабының өкілдері Н.Тілендиев ауылындағы №26 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру саласын дамыту, педагогтердің еңбек жағдайы және адами капиталды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жиында қатысушылар білім сапасын арттыру, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби мәртебесін көтеру, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру бағытындағы бастамаларды талқылады. Сонымен қатар жаңа кәсіптерге оқыту, кәсіби дағдыларды дамыту және еңбек нарығының талаптарына бейімделу мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек адамын қолдау және білім беру саласын жетілдіруге қатысты ұсыныстар да ортаға салынды.
Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар білім беру жүйесін дамыту мен ұстаздардың кәсіби қызметіне қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.



