Аудан жаңалықтары
ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданының Байкент ауылындағы №45 мектеп-гимназиясында «Әділет» партиясының өкілдері педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, мұғалімдердің кәсіби қызметін қолдау, ауыл мектептерінің инфрақұрылымын дамыту және жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ педагогтердің әлеуметтік жағдайы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және оқу процесінің сапасын арттыру бағытындағы ұсыныстар бойынша пікір алмасу өтті.
Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.



