«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ «BERICAP KAZAKHSTAN» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданында «Әділет» партиясының өкілдері «BERICAP KAZAKHSTAN» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге Алмасбек Сатибаев, Гүлжан Байкан, Рауан Бұғыбаев және Гамзе Гейдаров қатысып, еңбек ұжымымен ашық пікір алмасты.
Жүздесу барысында әлеуметтік даму, еңбек қатынастары, өндіріс саласының қазіргі жағдайы және кәсіпорын қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар экономиканы дамыту, еңбек жағдайын жақсарту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты пікірлер ортаға салынды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Іс-шара соңында еңбек ұжымының ұсыныстары мен пікірлерінің қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауда маңызды екені атап өтілді.



