№9 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының өкілдері Байсерке ауылындағы №9 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.
Кездесуге «Әділет» партиясы Іле аудандық сайлауалды штабының мүшелері Тілеукен Көпбаева мен Гүлжан Байкан және мектеп педагогтері қатысты.
Жүздесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу, оқу үдерісін цифрландыру және оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысы, мұғалімдердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту бағыттары жөнінде пікір алмасылды.
Кездесу барысында педагогтер күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарды талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім беру саласындағы мәселелер мен педагогтердің ұсыныстарын талқылауға мүмкіндік берді.



