Аудан жаңалықтары

АЛИ АУЫЛЫНДА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының өкілдері Али ауылындағы №22 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында білім беру саласының қазіргі жағдайы, педагогтердің еңбек жағдайы мен кәсіби дамуы, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты және қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Мектеп ұжымы білім беру үдерісінде кездесетін мәселелерге тоқталып, оқушыларға сапалы білім беру, педагогтерге қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру және білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сапасына әсер ететін мәселелерді талқылады. Кездесу барысында ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Жүздесу ашық диалог форматында өтіп, көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button