Аудан жаңалықтары

КӨКТЕРЕК АУЫЛЫНДА КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының өкілдері Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында білім беру саласының қазіргі жағдайы, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Жүздесуде оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауына жағдай жасау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру және жастардың кәсіби дағдыларын дамыту бағыттары жөнінде пікір алмасылды.

Сонымен қатар педагогтер білім беру үдерісінде кездесетін мәселелер мен өз ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар еңбек нарығының өзгеріп отырған талаптарына сай білім беру мен маман даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім беру мен кәсіби бағдар саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button