«МЕДИАТЕКС-Н» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН ӨНДІРІС ЖӘНЕ ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының өкілдері «Медиатекс-Н» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында бас киім тігу өндірісінің қазіргі жағдайы, жеңіл өнеркәсіпті дамыту, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайы жөнінде пікір алмасылды.
Қатысушылар өндіріс орындарын жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру бағыттары сөз болды.
Жүздесу барысында жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек ететін мамандарды қолдау, жұмыс орындарын сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері де талқыланды.
Еркін форматта өткен кездесуде «Медиатекс-Н» ЖШС қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, өндіріс пен еңбек жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жеңіл өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы мен оны дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.



