«ҚАЗПОШТА» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясының Іле аудандық штабының мүшелері «Қазпошта» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қызметкерлердің еңбек жағдайы, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері сөз болды.
Штаб мүшелері «Қазпошта» АҚ қызметкерлерімен ашық форматта пікір алмасып, олардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар пошта қызметінің қоғамдағы маңызы, шалғай елді мекендердегі тұрғындарға қызмет көрсету, цифрлық сервистерді дамыту және қызмет көрсету сапасын жетілдіру жөнінде пікірлер ортаға салынды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Көтерілген мәселелер назарға алынып, еңбек ұжымымен ашық диалогтың маңыздылығы атап өтілді.
#Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет