Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ»: ІЛЕ АУДАНЫНДА ӨНДІРІС ПЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының облыстық және Іле аудандық штабының өкілдері Ащыбұлақ ауылында орналасқан «Первый Пивзавод» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Бейресми форматта өткен кездесуде кәсіпорынның қазіргі жұмысы, өндірісті дамыту, еңбек жағдайын жақсарту және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Штаб өкілдері кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасып, олардың өндіріс саласына қатысты ұсыныстары мен ойларын тыңдады.

Кездесу барысында сөз алған Рауан Рахатұлы шағын және орта бизнестің аудан экономикасындағы маңызына тоқталды.

– Бүгін өздеріңізбен еркін пікір алмасу үшін арнайы келіп отырмыз. Шағын және орта бизнес – өңір экономикасының маңызды бөлігі. Кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі жаңа жұмыс орындарын сақтауға және жергілікті экономиканың дамуына ықпал етеді. Сондықтан мамандардың кәсіби тәжірибесін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін көтеру маңызды, – деді Рауан Рахатұлы.

Іле аудандық штабының мүшесі Тілеукен Отыншықызы да өндіріс орындарының әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін атап өтті.

– «Первый Пивзавод» ұжымында өз ісін жақсы білетін мамандар еңбек етеді. Кәсіпорын қызметкерлерінің тәжірибесі мен жауапкершілігі өндірістің тұрақты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан еңбек адамына қолайлы жағдай жасау мен кәсіби мамандарды қолдау әрдайым маңызды, – деді Тілеукен Отыншықызы.

Жүздесу барысында өнім сапасын тұрақты қамтамасыз ету, өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, білікті мамандарды даярлау және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері сөз болды.

Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері күнделікті жұмыста кездесетін мәселелерді ортаға салып, өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін күшейту және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Кездесу еңбек ұжымы мен штаб өкілдері арасындағы еркін пікір алмасумен қорытындыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button