Алматы облысының жаңалықтары
🏠 «АЛАТАУ» — Алматы облысының өңірлік ипотекалық бағдарламасы

🔹 Қарыз сомасы — 30 млн теңгеге дейін
🔹 Бастапқы жарна — 10%
🔹 Сыйақы мөлшерлемесі — 5%
🔹 Қарыз мерзімі — 19 жылға дейін
🔹 Тұрғын үй — Алматы облысының облыс орталығы Қонаев қаласындағы бастапқы нарықтан
👥 Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ Алматы облысында бейінді қызмет атқаратын БАҚ қызметкерлері және бағдарламада көзделген басқа да санаттар қатыса алады.
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
17–22 тамыз және 24–29 тамыз 2026 жыл.
📍 Өтінім беру мекенжайы:
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қонаев даңғылы, 7/2
«Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы



