«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданында «Әділет» партиясының өкілдері «РЕМСТРОЙТЕХНИКА» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында өндіріс саласының қазіргі жағдайы, еңбек қауіпсіздігі, жұмыспен қамту және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.
Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидаттар Марат Қожаев, Қазбек Дауталиев, «Әділет» партиясының Іле аудандық сайлауалды штабының төрағасы Алмасбек Сатибаев, сондай-ақ штаб мүшелері Баян Топарқызы, Тілеукен Көпбаева, Айнаш Атыманова және Арман Аманжолов қатысты.
Ашық форматта өткен кездесуде өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі, еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс орындарын сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері сөз болды.
Марат Қожаев өндіріс саласының жұмыспен қамту мен жергілікті экономиканың дамуына әсері туралы пікір білдірді.
– Өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі азаматтарды жұмыспен қамтуға және жергілікті экономиканың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру, олардың құқықтарын сақтау және кәсіби дамуына мүмкіндік беру маңызды, – деді Марат Қожаев.
Жүздесу барысында өндірістік кәсіпорындардың әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру мәселелері де талқыланды.
Еңбек ұжымының өкілдері күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, өндіріс пен еңбек жағдайына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, олардың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу еңбек ұжымы мен «Әділет» партиясының өкілдері арасындағы ашық пікір алмасу форматында өтті.
#Қазақстан #Әділет #ӘділетПартиясы #ӘділеттіҚазақстан #ПартияӘділет



