Алматы облысының жаңалықтары

23 тамыз – маңызды қоғамдық таңдау күні

 

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары Іле ауданында жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде аудан бойынша 92 сайлау учаскесі өз жұмысын бастап, сайлауды ұйымдастыруға қажетті шараларды жүзеге асыруда.

Әрбір ауылдық округте сайлау учаскелерінің мүшелеріне арналған даярлау және оқыту семинарлары ұйымдастырылып жатыр. Семинар барысында сайлау процесін өткізу тәртібі, дауыс берушілермен жұмыс жүргізу және учаскелердегі ұйымдастыру мәселелері түсіндірілуде.

Алдағы сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық учаскелерде дайындық жұмыстары жалғасуда. Тұрғындардың сайлау құқығын еркін әрі кедергісіз жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау – басты назарда.

23 тамыз күні әр азаматтың дауысы маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button