«Әділет» партиясы ауыл мектептеріндегі білім сапасы мәселелерін талқылады

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Ақсай ауылдық округіне қарасты Жауғашты ауылындағы №27 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Жүздесу барысында ауыл мектептеріндегі білім сапасы, білікті педагогтерді тарту және оқушылардың заманауи білім алуына жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Кездесуде ауылдар мен шалғай аудандарға тәжірибелі мұғалімдерді тартуға бағытталған арнайы бағдарламалардың маңызы сөз болды. Сондай-ақ шағын жинақты мектептерге тұрақты әдістемелік қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.
Ауыл оқушыларының ағылшын тілін меңгеру мүмкіндігін арттыруға бағытталған «English ауылда» жобасы да назарға алынды. Жоба аясында еріктілерді, онлайн тәлімгерлерді, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен халықаралық серіктестерді тарту көзделеді.
Сонымен қатар ауыл мектептерінде математика және физика пәндерін оқыту сапасын арттыру, оқушылардың инженерлік және техникалық бағыттарға қызығушылығын ерте қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында мектеп мұғалімдері ауыл білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Педагогтер білім сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың ауыл мектептері үшін маңыздылығын атап өтті.



