Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР АЛҒАШҚЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Құрылтай сайлауы күні Іле ауданындағы №995 сайлау учаскесіне ерекше жұп келді. Жас жұбайлар Ақниет Абдыкадиров пен Динара Ибадуллаева танымал «Зверополис» мультфильмінің басты кейіпкерлері – Джуди Хопс пен Ник Уайлдтың образында дауыс берді. Бұл – олардың шаңырақ көтергеннен кейін бірге қатысқан алғашқы сайлауы.
Учаскеге кірген сәттен-ақ жас жұбайлардың ерекше образы көпшіліктің назарын аударды. Динара қоян-полицей Джуди Хопстың, ал Ақниет айлакер түлкі Ник Уайлдтың бейнесін таңдаған. Танымал мультфильм кейіпкерлерін бірден таныған тұрғындар жас жұбайлармен естелік суретке түсіп жатты.
Ақниет пен Динара үшін бұл образдың да өзіндік мәні бар. Олар отбасылық өмірлеріндегі алғашқы ортақ сайлауды ерекше форматта есте қалдыруды жөн көрген.
«Құрылтай сайлауы – еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Ал біз үшін бұл – отбасы болғаннан кейінгі алғашқы ортақ сайлау. Сондықтан осы күнді есте қаларлықтай өткізгіміз келіп, «Зверополис» кейіпкерлерінің образын таңдадық. Бұл сәт отбасылық тарихымызда ерекше естелік болып қалсын дедік», – дейді жас жұбайлар.
Олардың айтуынша, мұндай креативті образды таңдаудағы мақсат – сайлау күнін өздері үшін есте қаларлық сәтке айналдыру.
№995 сайлау учаскесіндегі Джуди мен Никтің пайда болуы сайлау күнінің ерекше кадрларының біріне айналды. Ал Ақниет пен Динара үшін бұл күн «Зверополис» кейіпкерлерінің образында бірге жасаған алғашқы отбасылық таңдау ретінде есте қалмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button