Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Орта Азиядағы ең үлкен түйе шаруашылығының негізін қалаған Сыдық Дәулетов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін Орта Азиядағы ең үлкен түйе шаруашылығының негізін қалап, халық жадынан өшіп бара жатқан керуенді қайта жаңғыртқан белгілі кәсіпкер, Гиннестің рекордтар кітабына енген өнегелі тағдыр иесі Сыдық Дәулетов Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді әлем жұртшылығына танытып жүрген еңбек ері бұл саяси науқанның мемлекет болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сыдық Дәулетов ел ішіндегі ауызбіршілік пен адал еңбектің мемлекетті дамытудағы орны ерекше екеніне тоқталды.

«Ата-бабадан қалған асыл мұрамызды жаңғыртып, елдің несібесін арттыру – адал еңбек пен ынтымақтың арқасы. Бүгінгі сайлау да елдің ертеңі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін жауапты сәт. Әрбір азаматтың жасаған таңдауы мен белсенділігі мемлекетіміздің қуатты болуына қосылған үлес», – деді Сыдық Дәулетов.

Ел ісіне әрдайым жанашырлық танытатын кәсіпкер аға буын мен кәсіпкерлер қауымын, сондай-ақ жастарды ел дамуына бағытталған қоғамдық-саяси үдерістерге біркісідей қатысуға үндеді.

Сайлау учаскесінде тұрғындар жоғары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Елдің өркендеуі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне үлес қосып жүрген тұлғалардың бұл қадамы жұртшылыққа үлгі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button