Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Қоянбай Қозбақов өз таңдауын жасады

Бүгін Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Қоянбай Қозбақов Асқар Тоқпанов ауылындағы №401 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Ел тарихындағы маңызды кезеңнің куәгері болған Қоянбай аға сайлауға қатысып, азаматтық белсенділігін танытты. Ол елдің тыныштығы мен бірлігі, қоғамдық келісім мен тұрақтылық әрдайым басты құндылық болып қала беретінін атап өтті.

«Біз үшін елдің бірлігі мен тыныштығынан асқан құндылық жоқ. Тәуелсіздіктің қадірін біліп, оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың міндетіміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын», – деді Қоянбай Қозбақов.

№401 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған Қоянбай аға тұрғындарды ел болашағына жауапкершілікпен қарап, ынтымақ пен ауызбіршілікті сақтауға үндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button