Ауыл шаруашылығы нысандары

Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Бақытұлы Алатау қаласы мен Іле ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында Қосөзен ауылындағы «Томас» шаруа қожалығының егістік алқабы қаралды. Шаруашылықта биыл 500 гектарға жүгері егілген, әр гектардан орта есеппен 150 центнер өнім алу жоспарлануда. Сонымен қатар, 500 млн теңге инвестиция тартылған, тәулігіне 200 тонна өнім кептіруге қауқарлы астық кептіру кешені іске қосылған.
Бұдан бөлек, Іле ауданындағы «Ақсүт LLC» сүт-тауарлы фермасында сүт сауу залын кеңейту жұмыстары қаралды. Кәсіпорын жылына шамамен 11 мың тонна сүт өндіреді.
Сондай-ақ, «Каскеленское» АҚ-ның 700 гектар алқаптағы егін жинау жұмыстарының барысы пысықталып, науқанның қарқыны мен техникалардың дайындығы талқыланды.
Жұмыс сапарының соңында «Alfalfa» ЖШС-нің 600 гектар алқабына енгізілген су үнемдеу технологияларының тиімділігімен танысты. Заманауи технологиялар су ресурстарын тиімді пайдалануға, өндіріс шығындарын оңтайландыруға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.



