Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Таза Қазақстан🌿

Күрті а/о Ақши ауылының маңында орналасқан қоқыс алаңын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастаманың арқасында енді қоқыс желмен ауылға қарай ұшпайтын болады! 💨❌
Күрті а/о әкімі Рахымбай Ғабит Даниялұлы құрылыс басына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды өз бақылауына алды. Әкім мердігерлерге жұмыстың сапалы әрі талапқа сай жасалуын басты назарда ұстауды тапсырды. 🏗️🔍
Баршаңызды «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдауға және ауылымыздың тазалығына бірге үлес қосуға шақырамыз. Қоқыс алаңы толық қоршалған соң, қалдықтарды тек арнайы белгіленген қоршаудың ішіне ғана тастауларыңызды сұраймыз. Жол бойына немесе қоршау сыртына қоқыс қалдырмай, мәдениеттілік пен тазалықты әдетке айналдырайық. Туған жеріміздің көркі де, тазалығы да өз қолымызда — ауылымызды бірге таза әрі әдемі ұстайық! 🌿🏡

Басқа жаңалықтар

Back to top button