Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — марафонға қосылыңыз!

Қазақстанда Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және ұлттық «Кітап оқитын ұлт» бастамасын ілгерілету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылатын республикалық «Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны басталды.

Жоба аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты іске асырылуда. Қатысушылар арнайы әзірленген тізімнен қазақ тіліндегі 15 немесе орыс тіліндегі 15 кітапты оқуы тиіс.

📖 Тізімге отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи әдебиеттер енгізілген. Бұл — ой-өрісті кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытып, жаңа идеяларға шабыт беретін құнды туындылар.

🗓 Марафонның негізгі кезеңі: 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз.

🏆 Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталып, финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Барлық мемлекеттік қызметшілерді марафонға қатысып, «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық қозғалысының бір бөлігі болуға шақырамыз! 📚

🔗 Кітаптар тізімі және қатысу шарттары: https://reading-nation.kz

#ЧитающаяНация
#КітапОқитынҰлт

Басқа жаңалықтар

Back to top button