Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

🔐 Мүлікті қорғау – өз қолыңызда!

 

Азаматтардың жеке мүлкін ұрлық пен алаяқтықтан қорғау — қоғамдық қауіпсіздіктің негізі. Мүлкіңізді аман сақтау үшін мына қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
🏠 Үй қауіпсіздігі:
Ұзақ уақытқа кеткенде есік-терезені мықтап жабыңыз.
Мүмкіндік болса, бейнебақылау немесе дабыл жүйесін орнатыңыз.
Әлеуметтік желіде сапарға кеткеніңіз туралы алдын ала бөліспеңіз.
🚘 Көлік қауіпсіздігі:
Автокөлікті жарық және күзетілетін тұрақтарға қойыңыз.
Бағалы заттарды, құжаттар мен ақшаны салонда қалдырмаңыз.
📱 Киберқауіпсіздік:Банк картасының деректерін, SMS кодтарды ешкімге айтпаңыз.
Күмәнді сілтемелерге өтпей, тек ресми сайттарды пайдаланыңыз.
🚨 Маңызды! Егер мүлікке қатысты құқық бұзушылықты байқасаңыз немесе тап болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
Сақтық шараларын сақтау — өзіңізді және мүлкіңізді қорғаудың ең тиімді жолы. Бұл ақпаратпен жақындарыңызбен бөлісіңіз!

#Қауіпсіздік #МүліктіҚорғау #ІлеАуданы #Сақтық

Басқа жаңалықтар

Back to top button