Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Адам құқықтары – Конституцияның басты құндылығы

Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі – адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде тану. Бұл қағидат әрбір азаматтың құқықтарын қорғауға, қоғамда әділдік пен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Адам құқықтарын құрметтеу тек заңмен белгіленген талаптарды орындаумен шектелмейді. Ол күнделікті өмірде өзгенің пікіріне құрметпен қараудан, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін бағалаудан және әділетті шешім қабылдаудан көрінеді.

Құқықтық мемлекет құрудың негізі – заңның баршаға бірдей болуы және әр азаматтың өз құқығымен қатар, міндеттерін де түсінуі. Сондықтан Конституция қағидаттарын сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Іле ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аубакірова Ардақ Ахметжанқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button