Уақытымызды қайда жоғалтып жатырмыз?: Жаңа дәуір дерті — Timescrolling.

Әлеуметтік желілерді сағаттап ақтару, әр күн сайын жаңартып отыру сізге де таныс шығар?! Scrolling — ағылшын тілінен аударғанда: жылжыту, сырғыту. Соңғы уақытта бұл сөз әлеуметтік желі де кеңінен тарады, себебі “Time” сөзімен қоса айту арқылы — уақытты өткізу, ұзақ уақыт желілерді жылжыту деген жаңа сөз тіркесі пайда болды. Бұл құбылыс жай ғана уақыт өткізу құралы емес, қазір қоғамның назар аударуы қажет басты қауіптерінің бірі, адам маңызды шаруаларға шоғырлана алмай, тез шаршайды, мазасыздық пен өнімсіздік сезімі артады.
Timescrolling-ның негізгі зияндарын талдай түссек;
Әртүрлі тақырыптағы қысқа ақпараттар мидың тынығуына мүмкіндік бермей, есте сақтау қабілетін нашарлатады. Адам миы үлкен көлемдегі ақпаратты өңдей алатынымен, оның шегі мен белгілі бір жұмыс ырғағы бар. Ақпаратты шамадан тыс қабылдаудың салдары зейіннің шашырауына, бір тақырыптан екіншісіне жиі ауысуынан мидың терең ойлануына кедергі келтіреді. Ми ақпаратты тыңдап, терең талдап, есте сақтап үлгермейді.
Әлеуметтік желідегі “ мінсіз өмірді” аңсау, өзіңді өзгелермен салыстыруға және көңіл-күйдің тұрақсыздығына әкеліп соғады. Бұл “тәуелділіктің” салдарынан тіпті өз энергиянызда сарқылып, өзгенің көзқарасымен қарауды“нормаға” айналдырады.
Бұдан қалай сақтануға болады?
Сандық заманда жадты сақтап, созылмалы шаршаудан арылудың басты жолы — ақпараттық гигиенаны сақтау. Телефон мен әлеуметтік желілерді шектеу, миға мезгіл-мезгіл толық демалыс беру (цифрлық детокс) және сапалы ұйқы — ойлау жүйеміздің анықтығы мен есте сақтау қабілетімізді жоғары деңгейде ұстап тұрудың негізгі кепілі.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәӘТУ ФММК“журналистика” 1 курс студенті Ермекбай Рахима



