Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
БОРАЛДАЙДА «ӘКІМ КУБОГЫ» ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Іле ауданының Боралдай кентінде мекемелер арасында волейболдан «Әкім кубогы» турнирі ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, алаңда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Командалар жеңіске деген жігері мен ұйымшылдығын танытып, өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
Мұндай спорттық іс-шаралар тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттырып, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға ықпал етеді.



