БАБАЕВ ГУСЕИН САБИРОВИЧ өзін-өзі ұсыну тәртібімен Іле аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Іле ауданының экономикалық әлеуеті зор. Мұнда кәсіпкерлікті дамытуға, өндірісті өркендетуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жастардың тың бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік жеткілікті. Ең бастысы – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, олардың игілігін әрбір тұрғын сезінетіндей жағдай қалыптастыру.
Кәсіпкер ретінде жақсы идеяның өзі нақты жоспарсыз, жүйелі еңбексіз және жауапкершіліксіз нәтижеге жеткізбейтінін білемін. Ал қоғамдық жұмыста адамдардың сенімі мен өзара түсіністігі кез келген бастаманың табысты жүзеге асуына негіз болатынына көз жеткіздім.
Мен, Бабаев Гусеин Сабирович, Іле ауданында дүниеге келдім. Қазір де туған ауданымда тұрып, еңбек етіп келемін. Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Бүгінде логистика саласында қызмет атқаратын «Мурат Рен» ЖШС-нің басшысымын. Сонымен қатар Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы жастар ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық бастамаларға белсенді қатысамын.
Кәсіпкерлік пен қоғамдық қызмет маған екі маңызды қағиданы үйретті. Біріншісі – экономикалық даму нақты іске сүйенуі керек. Екіншісі – қоғамның алға басуы адамдардың бірлігіне, өзара құрметіне және ортақ жауапкершілігіне байланысты.
Осы ұстанымдарымды негізге ала отырып, Іле аудандық мәслихатының депутаттығына өзімді ұсынып отырмын.
КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫСА – АУДАННЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТАДЫ
Жергілікті экономиканың берік негізі – тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар мен өз ісін дамытуға ұмтылған азаматтар.
Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, жаңадан іс бастаған азаматтарға мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлердің ұсыныстарын жауапты органдарға жеткізу – назар аударатын негізгі мәселелерімнің бірі.
Әсіресе ауылдық жерлердегі отбасылық кәсіпкерліктің, шағын өндірістің және қызмет көрсету саласының дамуына мүмкіндік беру маңызды.
Кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретін мәселелерді ашық талқылап, оларды заң аясында шешудің тиімді жолдарын қарастыруға ықпал етемін.
Логистика саласындағы тәжірибем арқылы көлік қатынасының, қойма инфрақұрылымының және өндіріс орындары арасындағы байланыстың экономикалық маңызын жақсы түсінемін. Сондықтан ауданның орналасу артықшылықтарын тиімді пайдалануға, жергілікті өндіріс пен сауда байланыстарын дамытуға бағытталған ұсыныстарды қолдаймын.
ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ – ӘР ОТБАСЫ ҮШІН НАҚТЫ МҮМКІНДІК
Экономикалық өсімнің нәтижесі тұрғындардың табысынан көрінуі тиіс. Жаңа кәсіпорынның ашылуы, өндірістің кеңеюі немесе шағын бизнестің дамуы жергілікті азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал еткені маңызды.
Осы мақсатта аудан кәсіпорындары мен жұмыспен қамту мекемелері арасындағы байланысты нығайту, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат тарату және кәсіби даярлау бастамаларын қолдауды көздеймін.
Жастардың еңбек нарығына бейімделуі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқу орнын аяқтаған жас маманға алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау, кәсіби қабілетін көрсету және өз саласында қалыптасу үшін мүмкіндік керек.
Жұмыс берушілер мен жас мамандар арасындағы байланысты кеңейтуге, кәсіптік оқыту және тәжірибе алмасу шараларын дамытуға ықпал етемін.
ЖАСТАРҒА ДАЙЫН ЖОЛ ЕМЕС, ӨЗ ЖОЛЫН АШУҒА МҮМКІНДІК КЕРЕК
Қоғамдық қызмет барысында жастардың бойында тың идеялар мен үлкен әлеует бар екенін көріп келемін. Алайда сол мүмкіндіктердің барлығы бірдей нақты іске айнала бермейді.
Кейбір жастар өз кәсібін бастағысы келеді, енді бірі қоғамдық жоба ұйымдастыруды немесе жаңа мамандық игеруді мақсат етеді. Оларға ең алдымен дұрыс бағыт, тәжірибелі мамандардың кеңесі және пайдалы байланыстар қажет.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру, бизнес-жоспарлау мен кәсіби дағдыларды меңгеруге арналған кездесулерді қолдаймын.
Өз ісін қалыптастырған кәсіпкерлердің тәжірибесін жастармен бөлісуіне, жаңа идеялардың талқылануына және бастамашыл азаматтардың өзара ынтымақтастығына жағдай жасауға күш саламын.
Жастардың экономикалық дербестігі мен қоғамдық белсенділігі ауданның болашақ дамуына тікелей әсер етеді.
«ЖАСТАР МҮМКІНДІКТЕРДІ БІРІКТІРЕДІ»
Бұл – менің сайлауалды бағдарламамдағы ерекше бастама.
Жобаның негізгі мақсаты – Іле ауданындағы белсенді жастарды, кәсіпкерлерді және қоғамдық ұйымдарды ортақ істер төңірегінде біріктіру.
Бастама аясында кәсіпкерлермен тәжірибелік кездесулер, кәсіптік бағдар беру шаралары, жастар форумдары, еріктілік және мәдени жобалар ұйымдастыруға ықпал етуді жоспарлаймын.
Мұндай алаң жастарға өз идеяларын таныстыруға, тәжірибелі мамандардан кеңес алуға, жаңа серіктестер табуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік береді.
Жоба тек кездесулер өткізумен шектелмеуі тиіс. Оның басты нәтижесі – жастардың нақты бастамаларына жол ашу, кәсіби дамуына көмектесу және қоғамға пайдалы жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.
БІРЛІК ПЕН ӨЗАРА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
Іле ауданы – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан өңір. Бұл – біздің ортақ байлығымыз.
Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығындағы қызметім арқылы мәдени дәстүрлерді сақтау, жастар арасындағы достықты нығайту және қоғамдық келісімді дамыту бағытындағы жұмыстарға қатысып келемін.
Мен үшін этносаралық келісім – адамдардың бір-бірінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауы, ортақ мәселелерді бірге шешуі және ел болашағына бірдей жауапкершілік сезінуі.
Осы бағытта қоғамдық диалогты дамытуға, мәдени-танымдық жобаларды қолдауға және әртүрлі этнос жастарының бірлескен бастамаларын жүзеге асыруына ықпал етемін.
Біздің мақсатымыз – әр тұрғын өзін ауданның қоғамдық өмірінің толыққанды қатысушысы ретінде сезінетін, өзара сенім мен сыйластық орныққан ортаны нығайту.
ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС – ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨЗЕГІ
Тұрғындардың сенімі нақты жұмыс пен ашық қарым-қатынас арқылы қалыптасады.
Сондықтан №19 сайлау округінің азаматтарымен тұрақты кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдауға, көтерілген мәселелерді жауапты мемлекеттік органдарға жеткізуге және қаралу барысын қадағалауға ниеттімін.
Аудандық мәслихаттың өкілеттігі аясында жергілікті экономиканы дамытуға, жұмыспен қамтуға, жастар саясатына және қоғамдық келісімге қатысты мәселелерді көтеремін.
Бюджет қаражатының тиімді жоспарлануына, әлеуметтік-экономикалық жобалардың негізділігіне және қабылданған шешімдердің орындалуына назар аударамын.
Депутаттық қызметте орындалмайтын уәделерден гөрі нақты ұсыныс, жауапты әрекет және ашық есептілік маңызды деп есептеймін.
ҚАДІРЛІ ТҰРҒЫНДАР!
Менің сайлауға қатысудағы мақсатым – кәсіпкерлік және қоғамдық қызметте жинаған тәжірибемді туған ауданымның дамуына жұмсау.
Іле ауданының мүмкіндігі мол. Сол әлеуетті тиімді пайдаланып, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыруға, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, жастардың жаңа бастамаларына және қоғамдық бірліктің нығаюына үлес қосқым келеді.
Кез келген өзгеріс нақты істен басталады. Ал нәтижелі жұмыс үшін тұрғындардың ұсынысын ескеріп, ортақ мақсат жолында жауапкершілікпен әрекет ету қажет.
Мүмкіндікті біріктіріп, нәтижеге бірге жетейік!
Құрметпен, Бабаев Гусеин Сабирович
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
БАБАЕВ ГУСЕИН САБИРОВИЧ
Кандидат в депутаты Илийского
районного маслихата
в порядке самовыдвижения
Одномандатный территориальный
избирательный округ №19
УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ РАЙОНА!
Илийский район обладает значительным экономическим потенциалом. Здесь есть возможности для развития предпринимательства, расширения производства, создания рабочих мест и реализации новых молодёжных инициатив. Главное – эффективно использовать эти возможности, чтобы результаты развития ощущал каждый житель.
Как предприниматель, я знаю, что даже перспективная идея не принесёт результата без конкретного плана, последовательной работы и ответственности. А общественная деятельность убедила меня в том, что доверие и взаимопонимание между людьми являются основой успешной реализации любых начинаний.
Я, Бабаев Гусеин Сабирович, родился в Илийском районе. Здесь же проживаю и работаю. Окончил Алматинский государственный университет по специальности «Международное право».
В настоящее время руковожу ТОО «Мурат Рен», осуществляющим деятельность в сфере логистики. Кроме того, являюсь председателем молодёжного направления Ассоциации курдов Казахстана «Барбанг» и активно участвую в общественных инициативах.
Предпринимательская и общественная деятельность научили меня двум важным принципам. Первый – экономическое развитие должно основываться на конкретных делах. Второй – движение общества вперёд невозможно без единства, взаимного уважения и общей ответственности.
Руководствуясь этими принципами, я выдвигаю свою кандидатуру в депутаты Илийского районного маслихата.
РАЗВИТИЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА –
НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ РАЙОНА
Прочная основа местной экономики – стабильно работающие предприятия и граждане, стремящиеся развивать собственное дело.
Создание благоприятных условий для малого и среднего бизнеса, повышение доступности информации о государственных мерах поддержки начинающих предпринимателей, рассмотрение предложений делового сообщества – одни из основных вопросов, которым я намерен уделять внимание.
Особенно важно расширять возможности семейного предпринимательства, малого производства и сферы услуг в сельских населённых пунктах.
Планирую содействовать открытому обсуждению проблем, препятствующих развитию бизнеса, и поиску законных механизмов их решения.
Опыт работы в логистике позволяет мне понимать экономическое значение транспортной доступности, складской инфраструктуры и взаимодействия между предприятиями. Поэтому буду поддерживать предложения, направленные на использование географических преимуществ района, развитие местного производства и торговых связей.
НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА –
РЕАЛЬНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ СЕМЕЙ
Результаты экономического роста должны отражаться на доходах населения. Важно, чтобы открытие предприятий, расширение производства и развитие малого бизнеса способствовали трудоустройству местных жителей.
В этой связи намерен поддерживать укрепление взаимодействия между предприятиями и организациями занятости, распространение информации о востребованных профессиях и развитие профессиональной подготовки.
Отдельного внимания заслуживает адаптация молодёжи к рынку труда. Выпускникам учебных заведений необходимы возможности для получения первого профессионального опыта, применения знаний и дальнейшего развития.
Буду содействовать расширению связей между работодателями и молодыми специалистами, поддерживать профессиональное обучение и обмен практическим опытом
МОЛОДЁЖИ НУЖНЫ ВОЗМОЖНОСТИ САМОСТОЯТЕЛЬНО ВЫБИРАТЬ СВОЙ ПУТЬ
Общественная деятельность показывает мне, насколько много у молодых людей интересных идей и нереализованного потенциала. Однако далеко не каждое начинание получает необходимую поддержку.
Одни стремятся открыть собственное дело, другие хотят организовать общественный проект или освоить новую профессию. Им необходимы ориентиры, советы опытных специалистов и полезные деловые связи.
Буду поддерживать молодёжное предпринимательство, мероприятия по повышению финансовой и правовой грамотности, практические встречи по бизнес-планированию и развитию профессиональных навыков.
Намерен содействовать передаче опыта действующих предпринимателей молодому поколению, обсуждению новых идей и укреплению сотрудничества между инициативными гражданами.
Экономическая самостоятельность и общественная активность молодёжи непосредственно влияют на будущее нашего района.
«МОЛОДЁЖЬ ОБЪЕДИНЯЕТ
ВОЗМОЖНОСТИ»
Это особая инициатива моей предвыборной программы.
Её основная цель – объединить активную молодёжь, предпринимателей и общественные организации Илийского района для реализации совместных проектов.
В рамках инициативы планирую содействовать проведению практических встреч с представителями бизнеса, профориентационных мероприятий, молодёжных форумов, волонтёрских и культурных проектов.
Такая площадка позволит молодым людям представлять собственные идеи, получать консультации опытных специалистов, находить партнёров и активнее участвовать в общественной жизни.
При этом проект не должен ограничиваться проведением встреч. Его главный результат – создание условий для реализации конкретных молодёжных инициатив, профессионального развития и осуществления общественно полезных проектов.
ЕДИНСТВО И ВЗАИМНОЕ УВАЖЕНИЕ – ПРОЧНАЯ ОСНОВА ОБЩЕСТВА
Илийский район – место, где в мире и согласии проживают представители разных этносов. Это наше общее богатство.
Работа в Ассоциации курдов Казахстана «Барбанг» позволила мне участвовать в проектах, направленных на сохранение культурных традиций, укрепление дружбы между молодыми людьми и развитие общественного согласия.
Для меня межэтническое согласие означает уважение к культуре и традициям друг друга, совместное решение общих вопросов и равную ответственность за будущее страны.
В этом направлении намерен поддерживать общественный диалог, культурно-познавательные проекты и совместные инициативы молодёжи разных этносов.
Наша общая задача – укреплять атмосферу доверия и взаимного уважения, в которой каждый житель чувствует себя полноценным участником общественной жизни района.
СВЯЗЬ С НАСЕЛЕНИЕМ –
ОСНОВА ДЕПУТАТСКОЙ РАБОТЫ
Доверие жителей формируется благодаря конкретным действиям и открытому взаимодействию.
Поэтому намерен регулярно встречаться с гражданами избирательного округа №19, выслушивать их предложения и обращения, доводить актуальные вопросы до ответственных государственных органов и отслеживать ход рассмотрения.
В рамках полномочий районного маслихата буду поднимать вопросы развития местной экономики, занятости населения, молодёжной политики и общественного согласия.
Особое внимание планирую уделять эффективному планированию бюджетных средств, обоснованности социально-экономических проектов и исполнению принятых решений.
Считаю, что в депутатской деятельности конкретные предложения, ответственные действия и открытая отчётность гораздо важнее невыполнимых обещаний.
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Моя цель участия в выборах – направить опыт, приобретённый в предпринимательской и общественной деятельности, на развитие родного района.
Илийский район обладает большими возможностями. Я хочу внести свой вклад в их эффективное использование, создание благоприятной среды для предпринимателей, содействие занятости населения, поддержку молодёжных инициатив и укрепление общественного единства.
Любые изменения начинаются с конкретных действий. А для достижения результата необходимо учитывать предложения жителей и ответственно работать ради общих целей.
Объединим возможности и вместе добьёмся результата!
С уважением, Бабаев Гусеин Сабирович
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



