Мәслихат-2026

СУГУРБАЕВ АСКАР ТОКТАРБАЙҰЛЫ «ӘДІЛЕТ» партиясынан  Іле аудандық  мәслихатының депутаттығына кандидат №9 бірмандаттық  аумақтық сайлау округі 2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен Боралдай кентінде туып-өстім. Туған жерімнің тыныс-тіршілігі, тұрғындардың күнделікті мәселелері мен үшін жақсы таныс. Он жылға жуық уақыттан бері осы кентте еңбек етіп келемін. Сондықтан Боралдайдың дамуы мен оның тұрғындарының әл-ауқаты мен үшін ерекше маңызды.

Кентіміздің өркендеуі ең алдымен халықты толғандыратын мәселелердің шешілуіне байланысты. Жолдардың жай-күйі, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, тұрақты жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы – күн тәртібінен түспеуге тиіс маңызды мәселелер.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындардың мүддесін қорғап, өзекті мәселелердің шешілуіне жүйелі түрде ықпал етуге дайынмын. Мен үшін құрғақ уәдеден гөрі нақты іс пен нәтижелі жұмыс маңызды.

Менің басты мақсатым – тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, Боралдай кентінің өмір сүруге, еңбек етуге және ұрпақ тәрбиелеуге қолайлы мекен ретінде дамуына үлес қосу.

«Ауылды өркендету – баршамызға ортақ іс. Әр отбасының тыныштығы, әр баланың болашағы, әр тұрғынның лайықты өмірі – біздің басты мұратымыз!»

Мен үшін депутат болу – мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл – ел сенімін ақтау, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау, ауылдың дамуына кедергі келтіретін мәселелердің шешілуіне табандылықпен ықпал ету.

Ауылдың көркеюі бір күнде жүзеге аспайды. Ол жүйелі жұмысты, ортақ жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты талап етеді. Мен осы жолда тұрғындармен бірлесе әрекет етіп, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауды өзімнің маңызды міндетім деп санаймын.

Менің мақсатым – қызметтің биігін көрсету емес, қызметтің нәтижесін көрсету. Халықтың сенімі сөзбен емес, іспен ақталады. Жүкті жұмыла көтерсек, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты ұстанымым – халыққа жақын болу, сөзден іске көшу, әр шешімнің негізіне адам мүддесін қою, елмен ашық сөйлесу және ауыл халқының мүддесін қорғау.

Айтар тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызға, сын-ескертпелеріңізге әрдайым құлақ асамын. Әрқайсыңызды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің шешімін табу үшін бар күшімді салуға дайынмын.

Мен, Сугурбаев Аскар Токтарбайұлы, 1989 жылы Алматы облысы Іле ауданының Байсерке ауылында туып-өстім. Жеке кәсіпкерлікпен айналысамын.

Ауыл тұрғындарымен қарым-қатынасым халықты толғандыратын көптеген мәселелердің шешу жолдарын іздеуге бағыттады.

Әрбір елдімекеннің өзіндік ерекшеліктері болғанымен, халықтың тұрмысы мен өмір сүру жағдайы лайықты болуы керек.

Мен үшін ең басты құндылықтар – жауапкершілік, әділдік, адамгершілік және тұрақтылық.

Басты назарда қордаланған мәселелерді шешу, ауылдық елді мекендерде жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл жастарына қолдау көрсету, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қолөнерімізді дамыту міндеттері тұр. Осы міндеттердің орындалуына, олардың даму жоспарына енгізілуіне және бюджеттен қаражат бөлінуіне қол жеткізуді, тұрғындармен ашық әрі тұрақты байланыста болуды мақсат еттім.

Мен үшін депутаттық жұмыстың нәтижесі – халық алдында берген уәделердің нақты әрі уақытылы орындалуы.

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

Алдағы бес жылда Байсерке ауылындағы көшелердің жөнделуіне қол жеткізу.

Ауыл тұрғындары үшін аудан орталығымен, басқа елді мекендермен және Алматы қаласымен қоғамдық көлік қатынасының тұрақты болуына ықпал ету.

  1. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыл көшелерін электр жарығымен қамтамасыз етуге және саяжайлардың трансформаторлық станцияларын мемлекет меншігіне өткізуге жәрдемдесу

Ауыл ішіндегі тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ

КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған тиісті деңгейде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Ауыл тұрғындарының тұрақты табыс табуына жағдай жасау үшін шағын бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамытуға және инвестиция тартуға күш салу. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында жұмыс іздеген азаматтардың кәсіптік білім алып, еңбекке орналасуына, ал жас кәсіпкерлердің өз ісін бастауына және дамытуына жәрдемдесу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Байсерке және Көктерек ауылдары тұрғындарының медициналық көмекті уақтылы алуына, бейінді дәрігерлердің кеңесіне қол жеткізуіне және ауылдағы медициналық қызмет сапасының жақсаруына ықпал ету. Медициналық мекемелерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге және мемлекеттік қолдау шаралары арқылы білікті мамандарды тартуға күш салу.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ

 БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Байсерке және Көктерек ауылдарындағы мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауына жағдай жасауға атсалысу. 2027 жылы мектептерге апаратын жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіруге, балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ

 ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Екі ауылдағы қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың тиісті әлеуметтік көмек пен мемлекеттік қызметтерді алуына жәрдемдесу. Қолдауға мұқтаж тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және қоғамдық мекемелерде кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Байсерке мен Көктеректе ұялы байланыс пен интернеттің тұрақты жұмыс істеуіне, ауылдардың барлық аумағын сапалы желімен қамтуға ықпал ету. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге және ауыл мекемелеріне цифрлық қызметтерді енгізуге қолдау көрсету.

  1. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН

АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Байсерке және Көктерек ауылдарын абаттандыруға, жасыл желекті көбейтуге және тұрғындарға арналған демалыс орындарын дамытуға атсалысу. Қоқысты жинау мен уақтылы шығару жүйесін жетілдіруге, ортақ пайдаланылатын аумақтардың тазалығын сақтауға күш салу.

«Ауылды дамыту – бұл бүкіл Қазақстанның болашағын қамтамасыз ету».

Құрметпен, Аскар Сугурбаев.

 

Кандидаттардың үгіт-насихат

материалдары республикалық

бюджеттен қаржыландырылды

СУГУРБАЕВ АСКАР ТОКТАРБАЙҰЛЫ
Кандидат в депутаты Илийского районного маслихата от партии «ӘДІЛЕТ»
Одномандатный территориальный

избирательный округ №9

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

 НА 2026–2031 ГОДЫ
УВАЖАЕМЫЕ земляки!

«Развитие села – наше общее дело. Благополучие каждой семьи, будущее каждого ребёнка, достойная жизнь каждого жителя – наша главная цель!»

Для меня быть депутатом – не статус, а большая ответственность перед народом. Это значит оправдывать доверие людей, прислушиваться к их нуждам и заботам, настойчиво содействовать решению проблем, препятствующих развитию села.

Преображение села невозможно осуществить за один день. Оно требует системной работы, общей ответственности и постоянного взаимодействия с населением. Своей важной задачей считаю совместную работу с жителями, поддержку инициатив, направленных на улучшение социальной обстановки в селе, развитие инфраструктуры, расширение возможностей для предпринимательства и трудоустройства

Моя цель – показать не значимость занимаемой должности, а результаты работы. Доверие народа оправдывается не словами, а делами. Объединив усилия, мы сможем сделать наш район комфортным местом для жизни, труда и воспитания детей!

МОИ ПРИНЦИПЫ

Мои главные принципы – быть ближе к народу, переходить от слов к делу, ставить интересы человека в основу каждого решения, вести открытый диалог с населением и защищать интересы сельских жителей.

Я всегда готов прислушиваться к вашим пожеланиям, предложениям и критическим замечаниям. Готов внимательно выслушать каждого из вас и приложить все усилия для решения поднятых вопросов.

Я, Сугурбаев Аскар Токтарбайұлы, родился в 1989 году и вырос в селе Байсерке Илийского района Алматинской области. Занимаюсь частным предпринимательством.

Общение с сельскими жителями побудило меня искать пути решения многих проблем, волнующих население.

Несмотря на то, что каждый населённый пункт имеет свои особенности, уровень благосостояния и условия жизни людей должны быть достойными.

Мои главные ценности – ответственность, справедливость, человечность и стабильность.

В центре внимания – решение накопившихся проблем, создание рабочих мест в сельских населённых пунктах, развитие сельского хозяйства, поддержка сельской молодёжи, сохранение национальных ценностей и развитие традиционных ремёсел. Своей целью ставлю содействие выполнению этих задач, их включению в планы развития, выделению бюджетных средств, а также поддержание открытого и постоянного диалога с населением.

Для меня результат депутатской деятельности – конкретное и своевременное выполнение обещаний, данных народу.

КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА

НА 2026–2031 ГОДЫ

  1. ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ

Добиваться ремонта улиц села Байсерке в течение ближайших пяти лет.

Содействовать обеспечению стабильного транспортного сообщения между селом, районным центром, другими населёнными пунктами и городом Алматы.

  1. ВОДОСНАБЖЕНИЕ, ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ И КОММУНАЛЬНАЯ

 ИНФРАСТРУКТУРА

Содействовать обеспечению сельских улиц освещением и передаче трансформаторных станций дачных массивов в государственную собственность.

Добиваться ремонта изношенных инженерных сетей внутри села. Особое внимание уделять бесперебойному электроснабжению сельских населённых пунктов и расширению охвата улиц освещением.

Сильные регионы – сильная страна!

  1. ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И

РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА

В рамках программы «Ауыл аманаты» содействовать расширению возможностей льготного кредитования сельских жителей, развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов. Добиваться повышения доступности мер государственной поддержки для жителей района.

  1. ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

Защищать интересы сельских жителей в вопросах обеспечения пастбищными угодьями, развития ветеринарной инфраструктуры и повышения доступности сельскохозяйственных услуг. Добиваться создания надлежащим образом оборудованной площадки для реализации продукции местных фермеров и личных подсобных хозяйств.

  1. НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ДОХОДЫ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ

Для создания условий, обеспечивающих стабильный доход сельских жителей, прилагать усилия к поддержке малого бизнеса, развитию предприятий по переработке сельскохозяйственной продукции и привлечению инвестиций. В рамках мер государственной поддержки содействовать получению профессионального образования и трудоустройству граждан, ищущих работу, а также оказанию помощи молодым предпринимателям в открытии и развитии собственного дела.

  1. ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ

 МЕДИЦИНА

Содействовать своевременному получению медицинской помощи жителями сёл Байсерке и Коктерек, доступности консультаций профильных специалистов и повышению качества медицинских услуг в сельской местности. Прилагать усилия к оснащению медицинских учреждений необходимым оборудованием и привлечению квалифицированных специалистов посредством мер государственной поддержки.

  1. СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И

КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ

Содействовать укреплению материально-технической базы школ в сёлах Байсерке и Коктерек, созданию условий для безопасного передвижения учащихся по пути в школу. В 2027 году уделить приоритетное внимание приведению в порядок подъездных путей к школам и пешеходных переходов, развитию детских игровых и спортивных площадок.

  1. СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ

Содействовать получению пожилыми людьми, семьями с детьми и гражданами с инвалидностью обоих сёл необходимой социальной помощи и государственных услуг. Поддерживать инициативы, направленные на улучшение условий жизни нуждающихся в помощи жителей и создание безбарьерной среды в общественных учреждениях.

  1. КАЧЕСТВЕННАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ

Содействовать стабильной работе мобильной связи и интернета в сёлах Байсерке и Коктерек, обеспечению качественным сетевым покрытием всей территории населённых пунктов. Поддерживать расширение возможностей использования жителями электронных государственных услуг и внедрение цифровых сервисов в сельских учреждениях.

  1. ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ СЁЛА

В рамках инициативы «Таза Қазақстан» содействовать благоустройству сёл Байсерке и Коктерек, увеличению количества зелёных насаждений и развитию мест отдыха для жителей. Прилагать усилия к совершенствованию системы сбора и своевременного вывоза мусора, поддержанию чистоты территорий общего пользования.

Развитие села – это обеспечение будущего всего Казахстана».

С уважением, Аскар Сугурбаев

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button