Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Өтеген батыр ауылында кездесу өткізді

Өтеген батыр ауылы, «Мақсат»кафесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары – Б.Т.Жұмағұлов, Д.Ж.Нүкетаеваның Өтеген батыр ауылы тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Кездесуге сонымен бірге аудандық штаб мүшелері, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері, барлығы 30 адам қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары – Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы «Nur Otan» партиясында басшылық қызметте болғаны, қазіргі таңда кейбір партиялар сияқты сайлау кезінде ғана бас көтермей, «Nur Otan» партиясының жүйелі түрде бүкіл елімізде жұмыстар атқарып отырғаны, оның оң нәтижелері жайлы қысқаша айтты және Сенаттың еліміздің дамуы жолында атқарып отырған жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ «Мұғалімдер мәртебесі»туралы Заң қабылданғаны, 4 жыл ішінде ұстаздардың жалақысының 100 пайызға өсетіні, еліміздің дамуы үшін білімнің орны орасан зор екеніне тоқталды. 10 қаңтар күні сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына бір кісідей дауыс беруге шақырды. Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағытттары, еліміздегі болып жатқан оң өзгерістер, бұқаралық спортты дамыту барысында барлық азаматтарға тең жағдай жасау, салауатты өмір салтын жетілдіру, халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы бойынша мемлекеттік бюджеттен қаражаттың бөлініп, қыруар жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды. Кездесуде Өтеген батыр ауылы тұрғыны, Энергетик ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Сейдалиев аудандағы өзекті мәселелердің бірі – саяжайларға ауыл статусын беру, Өтеген батыр –Байсерке ауылы ортасындағы темір жол өткеліне көпір салу мәселесін көтерді.Динар Жүсіпәліқызы саяжай мәселесі өте күрделі мәселе, ол үшін саяжай бойынша статистикалық мәліметтерді зерделеп, заң қабылдау керектігі жайлы, бұл мәселені бақылауға алатыны жайлы айтса, Бақытжан Тұрсынұлы осы көтерілген мәселелер келешекте орындалуы үшін бізге арнайы хат жолданса, оны бақылауға алып, орындалуы бойынша жұмыс жүргізілетіні жайлы ойын айтты. Қоғамдық бірлестіктер атынан Ж.Ерекенова алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беретіндерін айтса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Исаев азаматтарды, жастарды солтүстік аудандарға көшіру мәселесін қолға алу, көші-қон мәселесін шешу жайлы ұсыныс айтып, келген қонақтарға ақ батасын берді. Шара барысында «Nur Otan» партиясына қолдау көрсету жайлы шешім қабылданды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button