Аудан жаңалықтарыБілім және ғылым

Арнайы талдау тобы жұмысын жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменттің ұсынысы негізінде, мемлекеттік қызмет көрсетуші жергілікті органдарда көрнекі ақпараттың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет алушыларға (соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелерін бақылау мақсатында Іле ауданы әкімінің 27 ақпан 2018 жылғы №24ө н/қ өкімімен талдау тобы құрылған.

Аталған топтың құрамы аппарат қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен құрылған.

Арнайы талдау тобы өз қызметін қоғамдық бастамалар, жариялық және ашықтық, мемлекет пен азаматтық  қоғамның өзара іс-қимылы қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Талдау тобы 2018 жылдан бері Іле ауданының жергілікті атқарушы органдарымен бірнеше зерделеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Талдау тобы 46 мекемеге талдау жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстар енгізіп, кемшіліктер түзетілді.

Анықталған кемшіліктер бойынша талдау парақшалары толтырылып, мекеме басшыларына тапсырылды. Кемшіліктердің орындалуы топ мүшелерінің назарынан тыс қалмай арнайы бақылауға алынған. Аудандық қоғамдық кеңес пен «Nur Otan» пртиясының отырыстарында қаралып,   тиісті ұсыныстар енгізілетін болады.

Сонымен қатар арнайы мониторингтік топ айына екі рет ХҚКО бөлімшесінде азаматтарады мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша жұма сайын қабылдау жүргізуде. Қабылдау барысында аудан тұрғындарын мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артыру бойынша сұрақтарына жауаптар беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының неғұрлым жоғары деңгейде болуы соғұрлым сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізетіні айқын.

 

Санат Ерболатұлы,

Іле ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button