Аудан жаңалықтарыҚоғам

Еңбектің еңбегі еш кеткен жоқ

Өткен жылы төтенше жағдай кезеңінде Президент Қ.Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда бара ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берген еді. Ең маңызды мәселелердің бірі тұрғындарды жаппай жұмыспен қамтылуы және еңбекке араластыра отырып әлеуметтік жағдайын қамсыздандыру болып отыр. Әрине атаулы бастама мемлекеттің тікелей бақылауына алынған.

Яғни нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек» бағдарламасы арқылы елдің әлеуетін көтеру.

Осы игілігі мол бағдарламаның біздің ауданда да сәтті түрде жүзеге асырылып келеді. Биыл да Мамыр айының екінші жартысынан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы филиалының «Бизнес-Бастау» курсы арқылы екінші легі өз  идеяларын іске асыруға онлайн форматта оқытылып жатыр. Нәтижесі де көңіл көншітерлік.

Айбек Рахымбаев, Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: «Бүгінгі күні «Бастау –Бизнесте» 83 адам оқып жатыр. Өткен жылы 70 адам 280 миллион шағын несие алса. Биыл оның қатары 12 адамға 54 миллион 200 мың қаржы алды.» — дейді.

Осы қайтарымсыз грант алған жаңа бизнес идеяларды іске асрыу үшін мемлекеттік грант алған жаңа кәсіпкерлердің бірімен таныстық.  Ол, Боралдай кентінің тұрғыны Сейдахмет Нұргүл Дүйсенқызы мамандығы дизайнер. Нұргүлдің жас кезінен бергі арманы танымал дизайнер болу еді. Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «Бизнес-бастау» жобасы аясында қысқа мерізімідік курсын оқып, сертификатқа қол жеткізді.  2020 жылдың соңында курсты оқып, 2021 жылы наурыз айында «Еңбек» бағдарламасы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 583 400 теңге грантын жеңіп алды. Ол осы қаржыға жаңа іс машинасын, үтігін тағы басқа керекті заттарын сатып алды. Сонымен қатар жеке кәіспкерлік мәртебесін ашып, бір адамды жұмыспен қамтыды.

Екінші кейіпкеріміз КазЦИК ауылының тұрғыны Нұрғали Жанқожаев үй құстарын өсіруді көздеген кейіпкеріміз өз арманына қол жеткізді. Ол көрші-қолаңдарын және ауылын ақ тауығының ақ жұмыртқасымен қамтамассыз етуде.  Қайтарылмайтын грантты жеңіп алған Нұрғали ағамыз тауық санын көбейтіп, табысқа кенелуде. Айтуына қарағанда бұл жетістігімен тоқтап қалмақ емес.

Ауданымызда «Еңбек» бағдарламасы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша екінші бағытында «Бизнес-Бастау» жобасы аясында бір айлық мерізімдік оқуға тағы 350 адамға жолдама берілді. Оның ішінде 84 оқу бітірді. Ал, жылдық жоспар 300 адамды көзделуде. Шағын несие 50 адамға 240 миллион теңге беру жоспарланған.

Бақтияр Талғатұлы

Басқа жаңалықтар

Back to top button