Аудан жаңалықтарыҚоғамЧернобыль апатына - 35 жыл

ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

КазЦИК ауылында Чернобыль апатының құрбандарына ескерткіш орнатылды. Отыз бес жыл бұрын орын алған техногендік апат зардабын жоюға қатысып, соның салдарынан мезгілінен бұрын бақилық болған боздақтарды есте сақтау үшін салынған ескерткішті Чернобыль ардагері, КазЦИК ауылының тұрғыны Сұлтанмұрат Жұмамұратұлы өз қаржысына қойды.

Қару алып кешпесе де қан майдан,

Әлі кетпей удың дәмі таңдайдан.

Алдында тұр Чернобыльдің батыры,

Аман келген үнсіз болған майданнан – деп жырланғандай сонау 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль апатынан болған жарылыстан мыңдаған адамның өмірін ғана жалмаған жоқ, туған жерлерінен қоныс аударуға тура келді. Апат зардаптарын жоға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 600 мыңдай адам тарылды. Бір ғана Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам барса, соның екі жүзден астамы Іле ауданының азаматтары болған. Солардың барлығы ауаға жайылған радияцияны білсе де Отанды қорғау жолында жан аянып қалмады. Жарылыстың өзінен емес, соның салдарынан, апат болған жерді тазартамыз деп, өздері кесел тапқан бейбақ жандардың дені осы күнге жете алған жоқ. Кейін белгілі болғандай, Чернобыль АЭС-ындағы жарылыс Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбасынан 400 есе күшті болған екен.

Ескерткіш ашылуына арналған жиынға  ҚР «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесі төрағасының бірінші орынбасары – Хұсайын Дәуітұлы Мұстафа сөз сөйлеп, апат ардагерлерлеріне көрсеткен құрметі үшін аудан басшыларына алғыс айтты. Сондай-ақ іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Серкіжан Берікұлы да ескеркіштің маңызы туралы және ел алдындағы борышын адал атқарған ардагерлеріне ыстық лебізін жеткізді. Жиналған жұрт апат құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Осы іс-шараға келген құрметті қонақтар қатарында Алматы облысы «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ержан Омаров, Қызылорда облысы «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Раушан Сарымсақова, ҚР Чернобыль және жергілікті соғыс-қақтығыстарға қатысушы ардагерлер Одағының президенті Камал Панжазов, Алматы қаласы «Чернобыль ардагерлері және офицерлері» қоғамының төрағасы Серкіхан Серікбаев болды.

Осы шарада басы-қасында болып, ескерткіштің орнатылуына атсалысқан Іле аудандық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрқайым Мұхиддинұлының еңбегі ерекше. Ол кісі күні кеше ғана Алматы облысы әкімі А. Баталовтың қолынан алғыс хатымен марапатталған болатын. Онда: «Адамзат үшін ХХ ғасырдағы ең үлкен техногендік апаттардың бірі болған Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс зардаптарын жоюға зор үлес қосып, еңбек сіңіргендеріңіз үшін құрмет танытып, алғысымды білдіремін. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайту жолындағы жұмысыңызға жеміс, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін» – делінген.

Қазір біздің ауданда 62 Чернобыль ардагерлері бар. Олардың барлығы әлеуметтік көмекті тұрақты алып тұрады және қоғамдық іс-шараларда бір кісідей атсалысып белсенділік танытып келеді.

Б. ЧОЙБАСОВ

 

Чернобыль батыры!!!

Отан үшін дайын от та кешуге,

Отаны үшін тағдырларын шешуде.

Отаны үшін отқа түскен батырлар,

Чернобылдің уы бойдан өтуде.

Отаны үшін отқа түскен күресіп,

Үнсіз жаумен, тілсіз жаумен тіресіп.

Чернобілдің қарсы тұрған уына,

Отанының тыныштығын күзетіп.

Жақсылық деп жүретұғын жар сала,

Қанша күнді мұңмен алды қарсы ала.

Кеше жұтқан Чернобылдің унан,

Қыршын кетті қарулас дос қаншама.

Отыз бес жыл, қуаныштан мұң басым,

Отыз бес жыл, өтті қанша сырласым.

Отыз бес жыл ауырумен алысып,

Чернобыльға өкпелі еді құрдасым.

Қару алып кешпесе де қан майдан,

Әлі кетпей удың дәмі таңдайдан.

Алдында тұр Чернобылдің батыры,

Аман келген үнсіз болған майданнан.

 

Берік Садыков

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button