САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ СОҢЫ — ӨЛІМ! СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту жариялады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Жаз жақындап келеді. Жаздың ыстық күнінде адамдар өзендер мен көлдерге асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмға жату, көл немесе өзен жағасында серуендеу керемет-ақ. Мұндай демалыс кезінде су тек жанға рахат сыйлап қоймайды, сонымен бірге, ол үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Тіпті, тыныш су беті, айқын қауіпсіздікке қарамастан, қауіп-қатерге толы. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 14 адам суға кетті (2020 жылы — 7 адам еді), оның ішінде 5 бала (2020 жылы — 2) бар. 27 адам құтқарылды, оның ішінде үшеуі бала.
Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі — қауіпті жете бағаламау және қиын жағдайдан шыға алмау. Көбінесе адам жүзе алмағаны үшін емес, үрейге беріліп, сасқанынан батып кетеді. Қайғылы жағдайға мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, қиын ауа райында шомылу, гипотермия, бұлшықет құрысуы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты салғырттықтар себеп болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда қамтамасыз ету оңай.
Жазғы демалыс уақытында бүкіл отбасымен судың жанында демалу кезінде балаларға ерекше назар аудару керек. Оларды бір минутқа қалдыруға болмайды. Олар тек ересектердің бақылауымен шомылуы керек. Жасөспірімдер, ересек балалар егер өздері су айдынына баратын болса, терең шұңқырлар, күшті ағымдар, су ұңғымалары немесе үлкен толқындар болмаған жағдайда, тек осы үшін арнайы бөлінген, қауіпсіз, тексерілген түбі бар жерлерде ғана жүзуі тиіс. Көптеген жазатайым оқиғалар дәл тыйым салынған жерлерде шомылуға байланысты орын алады.
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті полиция қызметінің және еріктілердің күшімен 929 рейд және патрульдеу жүргізілді, 589 ескерту белгілері және су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері көрсетілген 15 көрнекі стенд орнатылды. Қазіргі уақытта үгіт материалдарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 15 брифинг өткізіліп, тұрғындар арасында 13 мың 659 дана үгіт өнімдері (буклеттер, парақшалар), теледидарда — 3, радиохабар тарату бойынша — 5, баспа басылымдарында – 33 мақала шықты. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 25 мың дана жадынама дайындалды.
Су — адамның жақсы досы және одақтасы, ол демалудан барынша рахат алуға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Бірақ, сонымен бірге, ол жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін Алматы облысының ТЖД барлық тұрғындар мен қонақтардан судағы мына қарапайым қауіпсіздік ережелерін оқып, есте сақтауын сұрайды:
— тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа да орындарда шомылыңыз;
— суға шомылу кезінде адамдар бірін-бірі көз алдынан жолғалтпауы қажет;
— жағалаудан қалқада және қоршау белгілерінен асып жүзбеңіз;
— жүзе алмасаңыз, жүзу үшін шеңберлерді, үрлемелі матрастарды қолданбаңыз;
— қайықтарға жақын жүзбеңіз;
— ұзақ уақыт шомылмаңыз, гипотермия және шаршауыңыз мүмкін;
— түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
— балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз өзіміздің және балаларымыздың баға жетпес өмірін сақтаймыз.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті