#Qazaqstan30Аудан жаңалықтарыҚоғам

Баға жетпес байлық

Қ. Тоқаев: «Кітап оқымай жаңа болмыс түзеу, рухани кемелдену дегеніміз бос сөз. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, бәсекелестің қабілетін күшейту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру ісінде — кітап оқу өте маңызды, ол үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет. «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алуды атап өтті. Жобаның мақсаты: Еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру. Осы орайда Байсерке ауылы № 9 орта мектеп кітапханасында рухани жаңғыру ағдарламасымен жаңадан келіп түскен әдеби кітаптарға кітап көрмесі жасалынды. Мақсатымыз: Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру; кітапқа деген қызығушылығын арттыру; сөйлеу мәнерін дамыту; кітапты сүюге баулу. Оқушылар қашықтықта үйде отырып желі арқылы өздерінің оқып жатқан кітаптары, ертегілері туралы бейне түсірілім ұйымдастырды. Мақсатымыз: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, оларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, ұлтжанды болуға, тәуелсіздік үшін күрескен батырларды әрдайым есте сақтауға тәрбиелеу. Биыл Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» тақырыбында оқушылар арасында поэтикалық марафон өтуде. Кітапханада «Тәуелсіздік — тәңір берген тәтті сый» тақырыбында кітап көрмесі жасалынды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» атты кең көлемде оқырмандарға көркем әдебиетті насихаттау мақсатында поэзия, проза, аударма, драматургия және балалар әдебиетін ұсынып отыр. Біздің міндетіміз алдағы уақытта оқырмандарға 30 кітапты насихаттау, мәдени іс-шараларды кең көлемде өткізіу.

Жас ұрпақты бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезім ардақталады, батырлық, ерлік, отансүйгіштік дәріптеледі. Кітапхана жас ұрпақтың оқу орны ретінде заманауи орталық болғандықтан, жас жеткіншектерді ұлтымыздың патриотизімге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден-бір көзі болып саналады. Қорыта келгенде: Тәуелсіздік таңы арайлай атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дегім келеді!

 

Б. САРЖАНОВА № 9 орта мектеп

кітапхана меңгерушісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button