Қас-қағым Сәттегі Әкімнің Қалдырған Қарапайым Образы

Мен әлдебір шаруалардың жайын ұғысыу үшін Іле ауданы Күрті Ақши ауылының әкімідік ғимаратына бас сұқтым. Кіреберісте отырған кезекші әйел мені тосып, температурамды өлшеп, кімге, неге келгенімді сұрап, орынға нұсқап отырып жауап беруімді өтінді. Бұл іс 25.05.2021жыл, сағат түстен кейінгі 16:30 мөлшері еді. Мен орынға жайғасқан соң шаруаларымды қалай, қайдан және кімдердің бітіретіндігін, т.б-ларын сұрастраып отырғанымда жоғарыдан төменге түсіп келе жатқан шымыр денелі, орта бойлы, көрер көзге қарапайым қазақ жігіті маған бұрылып келіп сәлем беріп, қос-қолдап қолымды алып сәлем береді де, бұрылып тысқа шығып кетті. Ол кеткен соң, мен кезекші әйелден» бұл жігіттің кім екенін»- сұраған едім. Кезекші әйел: «бұл жігіт біздің ауылдың әкімі»- дегенде мен ішім елжіреп, бейжай күйде үн-түнсіз отырып қалыппын.»Басқа қандай сұрақтарыңыз бар еді»- деген кезекшінің даусынан ойымды әзер жинап «жоқ, жоқ болды» деп кете бардым. Мен ата жұртымызға қоныс аударғаныма табаны күректей он сегіз жылдай уақыт болып қалыпты. Осы уақыттар ішінде мен әр-түрлі шаруалар бабымен ұлылы-кішілі әкім-қаралардың, деректор кербездердің т.т-лардың алдарына барып талай-талай шаруаларымды шаруалап келемін. Мен көрген шенді- шекпенділердің бірде-бірі сәлем бергенді қойып, берген сәлеміңді аузын жыбырлатып әрең алады. Мен мына ауыл әкімінің осыншалықты қарпайымда ибалы, ізетті азамат екенін көргенде, іштей қатты елжіреп үн-түнсіз отырып қалыппын. Ауылда әліде осындай атқа мінер қазақ жігіттері өсіп, жетіліп келе жатқанын көргенде Аллаға шүкіршілік етіп, қуанышқа кенелесің. Бұл бір кішкентай іс болғанмен, мен үшін мәңгі есте қалды.
Құрман Талғат