Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғамМәдениет

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ДОМБЫРА САБАҒЫ ОҚЫТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ-2021

Аудандық әкімдіктің кіші залында аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жақыпқызы Каткеева дәстүрлі Тамыз конференциясын аудан әкімі Бағдат Қарасаев пен білім саласының мамандары алдында ақпаратымен таныстырды.

Іле ауданы халқы тығыз қоныстанған, өнеркәсібі сағат тіліндей тоқтаусыз жүріп жатқан қым-қуыт тіршілігі бар өлке. Сондықтан сыртқы және ішкі көші-қонның шексіз ағымы, жер учаскелерінің, үйлердің, саяжайлардың өсуі, денсаулық сақтау жүйесіне, білімге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен жүктеме артып отыр. Өңірде оқушылардың үлесі тез өсуде және бала туу көрсеткіші бойынша облыста жоғары көрсеткішке ие. Бұл балабақшаларда, мектептерде, спорттық және дамытушылық — сауықтыру мекемелерінің үш ауысымдық оқу үрдісіне әкелуде.

Соңғы 10-15 жыл ішінде мектепке дейінгі мекемелермен проблема жеке инвестицияларды тартудың арқасында шешімін табуда. Аудандық білім бөлімінің мәліметі бойынша 182 балабақша бар, оның 170 -і жекеменшік. Бір жастан алтыға дейінгі балаларды қамту 80 пайызға жетті, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 95 пайыздан асты, ал осы 2021 жылдың соңына қарай оны 99 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Ауыз толтырып айтар жаңалығымыз, 2021 жылы грантқа жоғары оқуға түскен абитуренттер саны 848 ге жетті. Бұл ұстаздармен қатар қоян қолтық жұмыс істей отырып,  үй жайында онлайн сабаққа ат салысқан ата-аналардың да еңбегі ақталды дегенді білдіреді.  Бұл ретте Іле ауданында ең өткір мәселе — оқу орындарының шамадан тыс жүктелуі. Егер осыдан 10 жыл бұрын мұнда шамамен 3-5 мектеп болса, бүгінде үш ауысымда оқытылатын 19 мектеп бар. Дегенмен мемлекет тарапынан жыл сайын жаңа мектептерге қаржы бөлініп, оқу орындары бой көтеруде.  Биыл, мысалы, үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі: Қараой, Қосөзен ауылдарында және Боралдай кентінде. Жапек батыр ауылында тағы бір мектептің құрылысы жүріп жатыр, нысан жылдың аяғында пайдалануға беріледі. Сонымен бірге қосымша 4 мектеп (Боралдай 1500 орын, Көкқайнар ауылы 1500 орын, Шабыт ауылы 1500 орын, Жаңаталап ауылы 600 орын) құрылысы жүруде. Олардің кілті келер жылы табысталады. Сондай-ақ жекеменшік мектептер де ашылуда. Атап айтқанда Ащыбулак ауылдық округіндегі «Мантессори академиясы», Өтеген батыр ауылындағы  «TAMOS» білім беру орталығын айта кеткен жөн. Жаңа оқу жылында 6 сыныптан бастап, қазақтың қара домбырасын пән ретінде еңгізілсе, бір сабақтың уақыты 45 минутқа созылды.  249 үйірме жұмыс істейді. Аудан көлемінде 48 орта мектеп бар, онда 61 400 мың оқушы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттамақ (өткен жылы 59 мың).  Оларды пандемияға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау үшін барлық мектептер 17 миллион теңгеден асатын тиісті тауарлармен диспенсерлер, бактерицидтік шамдар, дезинфекциялау құралдары, антисептиктер заттармен қамтамасыз етілген. Барлық мектептерде «Ашық» жүйесі енгізілді, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің 85 пайыздан астамы вакцинаны алған. Мектептердің қауіпсіздігі үшін 3, 3 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Айта кету керек, ауданда дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы басталды, оған аудандық қызмет басшылары, аудандық мәслихат депутаттары қатысады. Кәсіпкерлер мен бей-жай қарамайтын азаматтар аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формасы, кеңсе тауарлары, сөмкелер мен сөмкелер сатып алуға көмектесуде.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button